Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Головкин басқаратын ұйым құрамына тағы бір ел қабылданды

Бүгін, 18:16

Федерациялар саны 156-ға жетті.

Головкин басқаратын ұйым құрамына тағы бір ел қабылданды
ҚР ҰОК

Молдова бокс федерациясы Халықаралық World Boxing ұйымының құрамына ресми түрде енді. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланды.

Тиісті шешім 22 қаңтарда Халықаралық World Boxing кеңесінің отырысында қабылданған. Аталған ұйым қазіргі таңда Халықаралық Олимпиада комитеті мойындаған жалғыз халықаралық бокс федерациясы саналады.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың қарашасында World Boxing ұйымын қазақстандық боксшы, орта салмақтағы бұрынғы чемпион Геннадий Головкин басқарған болатын. Ұйым басшысы ретінде Головкин Молдова федерациясының өтінімін қолдап, оның қабылдануына тікелей атсалысқан.

Осы шешімнің нәтижесінде Молдова боксшылары World Boxing аясында өтетін барлық халықаралық турнирге қатысу құқығына ие болды. Атап айтқанда, олар 2026 жылдың күзінде Сенегалда өтетін жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында өнер көрсете алады.

Айта кетейік, бұған дейін қаңтар айының басында Армения, Португалия және Экваториалдық Гвинеяның өтінімдері мақұлданған еді. Молдованың қосылуымен World Boxing құрамындағы ұлттық федерациялар саны 156-ға жетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам