Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Геннадий Головкин World Boxing құрамына тағы төрт елді қабылдады

29.01.2026, 18:03

World Boxing құрамындағы мүшелердің жалпы саны 159-ға жетті

Геннадий Головкин World Boxing құрамына тағы төрт елді қабылдады
ҰОК

Халықаралық World Boxing федерациясының Атқарушы кеңесі ұйымға мүше болуға өтінім берген Бенин, Мали, Молдова және Сент-Люсия ұлттық федерацияларының өтінішін мақұлдады. 

World Boxing құрамындағы мүшелердің жалпы саны 159-ға жетті. Ұйымға қазіргі таңда 124 толыққанды немесе қауымдастырылған мүше, сондай-ақ 35 мақұлданған мүше кіреді.

Еске салайық, World Boxing ұйымы 2023 жылдың сәуірінде боксты Олимпиада ойындарының бағдарламасында сақтап қалу мақсатында құрылған болатын. Ал 2025 жылдың ақпанында федерация Халықаралық Олимпиада комитетінен (ХОК) алдын ала мойындауға ие болды.

2025 жылдың қарашасында World Boxing президенті болып қазақ боксының аңызы, Олимпиада чемпионы әрі әлем чемпионы Геннадий Головкин сайланған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам