Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Қазақстанның тағы екі боксшысы өзбектерден жеңіліп қалды

09.02.2024, 21:52

Бүгін Қазақстанның төрт боксшысы жеңілді

Қазақстанның тағы екі боксшысы өзбектерден жеңіліп қалды
Қазақстан бокс федерациясы

Болгарияда өтіп жатқан бокстан дәстүрлі «Странджа» кубогі үшін жарыста Қазақстанның тағы екі боксшысы өзбекстандық қарсыластарынан жеңіліп қалды.

60 келіде өнер көрсететін Руслан Күзеубаев ширек финалда әлем чемпионы Абдумалик Халоковпен рингке шықты. Өзбекстанның бірінші номерлі боксшысы Күзеубаевқа еш мүмкіндік бермей, 5:0 есебімен жеңді.

Айта кету керек, Халоков соңғы әлем чемпионатында жеңімпаз болса, 2021 жылы күміс жүлдегер атанған. Сондай-ақ, ол Азия ойындарының чемпионы, жастар Олимпиадасында және жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль иеленген.

Ал, 63,5 келіде Қазақстан намысын қорғаған Ерасыл Таңқай өзбек Адхамжон Мухиддиновке жол берді. Бұл жекпе-жекте де төрешілер бірауыздан жеңісті Мухиддиновке 5:0 есебімен берген.

67 келіде рингке шыққан Дулат Бекбауов болса Украинадан келген Данило Лозанды үйіне қайтарды. Тартысты бәсекеде жерлесіміз бір бас жоғары өнер көрсетіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Енді ол жартылай финалда бағын сынап көреді.

Еске салайық, бұған дейін 54 келіде Дәулет Молдашев француз боксшысынан жеңілсе, Оразбек Асылқұлов (57 кг) моңғол Энх-Амар Ханхууға жол берді. Ал, 80 келіде Тұрсынбай Құлахмет өзбекстандық Алохон Абдуллаевты 4:0 есебімен жеңді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам