Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Карьерасын 2017 жылы аяқтаған Мейвезер ресми түрде шаршы алаңға оралады

Бүгін, 16:12

Қазір ол 49 жаста.

Карьерасын 2017 жылы аяқтаған Мейвезер ресми түрде шаршы алаңға оралады
Getty Images

Бокс тарихында ең ұлы спортшылардың бірі саналатын Флойд Мейвезер кәсіби мансабын қайта жандандыратынын мәлімдеді. Ол сәуір айында Майк Тайсонмен көрме жекпе-жек өткізген соң кәсіпқой шаршы алаңға оралуды жоспарлап отыр.

49 жастағы америкалық боксшы алдағы жоспарлары туралы ресми баспасөз хабарламасында мәлімдеді.

«Менде бокста жаңа рекордтар орнатуға қажетті қасиеттің бәрі бар. Бұл жол Майк Тайсонға қарсы жекпе-жектен басталып, келесі кәсіби айқасқа ұласады. Менен артық касса жинайтын, әлемдік аудиторияны менен көп тартатын және бокс кешінен менен көп табыс табатын ешкім жоқ», – деді Мейвезер.

Жеңіліс дегенді білмейтін Флойд Мейвезер кәсіби мансабын 2017 жылы аяқтаған еді. Ол өзінің 50-жекпе-жегінде Конор МакГрегорды мерзімінен бұрын жеңіп, бокспен қош айтысқан болатын.

Алайда 2021 жылдан кейін Мейвезер бірнеше көрме кездесуіне қатысып үлгерді. Енді сәуір айында оны Майк Тайсонмен өтетін тағы бір шоу-жекпе-жек күтіп тұр. Осы айқастан соң америкалық боксшы ресми түрде кәсіби рингке қайта оралмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам