Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Сорақылық»: америкалық журналист Әлімханұлына қатысты шешімді сынап тастады

21.02.2026, 16:34

Оған қазақ боксшысының чемпиондық атағын сақтап қалғаны ұнамаған.

«Сорақылық»: америкалық журналист Әлімханұлына қатысты шешімді сынап тастады
twitter.com/trboxing/

Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) Жәнібек Әлімханұлына қатысты шешімі қызу талқыланып жатыр.

Допинг дауына іліккен боксшыны ұйым бір жылға шеттетті, ал дисквалификация мерзімі 2026 жылдың 2 желтоқсанында аяқталады. Соған қарамастан ол орта салмақта WBO әлем чемпионы титулын сақтап қалды.

Бұл шешімді америкалық журналист Райан О’Хара қатаң сынға алды. Оның айтуынша, бұл жағдай кәсіпқой бокстың жүйесіздігін көрсетеді.

«Жәнібек Әлімханұлының қанынан тыйым салынған препарат мельдонийдің табылғанына қарамастан, ол орта салмақтағы WBO әлем чемпионы титулын сақтап қалатын болды. Ол бір жылға дисквалификацияланды. WBO мұны «құрылымдалған дисквалификация» деп атады. Енді ойланып көрейік. Егер сіздің чемпионыңыз допинг ережесін сақтамаса, бұл «құрылымның» толық бұзылғанының көрінісі емес пе? Сондықтан мұны құрылымдалған деп емес, жүйесіз дисквалификация деп атау керек. Жәнібек диванда демалып отырғанда басқа боксшылар уақытша титулдар (жалған белбеулер) үшін жұдырықтасып жүреді, ал WBO сол айқастарды санкциялау арқылы өзіне тиесілі қаламақысын ала береді. Бокстың әлі күнге дейін өзге спорт түрлерінің арасында күлкіге айналып отырғаны да сондықтан. Zuffa Boxing-тің өз позициясын сақтап қалуына да дәл осындай сорақы шешімдер себеп», - деді журналист.

Еске салайық, 6 желтоқсанда Сан-Антониода Эрисланди Лараға қарсы орта салмақтағы үш чемпиондық белбеу үшін өтуі тиіс жекпе-жек алдында қазақстандық боксшының қанынан 2016 жылдан бері тыйым салынған мельдоний препараты анықталған еді. Екі сынама да оң нәтиже көрсетіп, кездесу өтпей қалды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам