Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Тұрсынбай Құлахмет Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатқаннан жеңіліп қалды

10.02.2024, 21:59

Жарыстың финалына Қазақстанның екі-ақ боксшысы шықты

Тұрсынбай Құлахмет Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатқаннан жеңіліп қалды
olympic.kz

Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан «Странджа кубогі» турнирінің жартылай финалында қазақстандық Тұрсынбай Құлахмет Қытай боксшысы Тоқтарбек Таңатқаннан жеңіліп қалды.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен боксшымыз ширек финалда өзбек боксшысын тізе бүктірген болатын. Ал, бүгінгі жекпе-жекте Қытай қазағынан 2:3 есебімен жеңілді.

Осылайша, Тұрсынбай Құлахмет «кіші әлем чемпионаты» атанып кеткен Странджа кубогінің қола жүлдегері атанды. Ал, Тоқтарбек Таңатқан финалда алтын медаль үшін жұдырықтасады.

Айта кету керек, Құлахмет ересектер және жасөспірімдер арасында Азия чемпионы. Кәсіпқой бокста 7 жекпе-жек өткізіп, оның алтауында жеңіске жеткен.

Ал, Тоқтарбек Таңатқан болса жазғы Азия ойындарының чемпионы және әлемнің күміс жүлдегері.

«Странджа кубогі» турнирінің финалына Қазақстанның екі боксшысы шықты. Оның бірі – 51 келідегі Санжар Тәшкенбай болса, екіншісі – 67 келіде өнер көрсететін Дулат Бекбауов.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам