«Странджа» кубогына барған екі қазақстандық боксшы бір-бірімен жұдырықтасудан бас тартты

Telegram WhatsApp

Ағайынды екі жігіт бұған дейін ел ішіндегі жарыстарда да бір-бірімен бокстасудан бас тартқан.

Әлеуметтік желі
Әлеуметтік желі

Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан 77-ші халықаралық «Странджа» турнирінде қазақстандық боксшылар Нұрлан және Даниял Сапарбай (+90 кг) өзара жекпе-жек өткізуден бас тартты.

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Даниял Сапарбай шаршы алаңға шығудан бас тартқан. Соның нәтижесінде Нұрлан Сапарбай автоматты түрде жарыстың ширек финалына жолдама алды. Ал Даниял турнирдегі өнерін аяқтады.

Ағайынды екі жігіт бұған дейін ел ішіндегі жарыстарда да бір-бірімен бокстасудан бас тартқан.

Айта кетейік, «Странджа» кубогы әуесқой бокс әлеміндегі ең беделді додалардың бірі саналады және оны бейресми түрде «кіші әлем чемпионаты» деп атайды. Биылғы жарыс 1 наурыз күні аяқталады.

Бұл турнирге Қазақстан құрамасы сапынан 39 спортшы қатысуда: олардың 19-ы ерлер, 20-сы әйелдер құрамасында.

Пікірлер

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 53 671 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті 132 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 119 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 475 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 257 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 137 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 123 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 620 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 393 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 547 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 590 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 301
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›