Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Данияр Елеусінов пен Иван Дычко жаңа компаниямен келісімге келді

25.02.2026, 15:24

Екі боксшы да 2016 жылғы Олимпиада ойындарынан кейін кәсіпқой боксқа ауысқан

Данияр Елеусінов пен Иван Дычко жаңа компаниямен келісімге келді
әлеуметтік желі

Zuffa Boxing промоутерлік компаниясы өз қатарына Қазақстанның бірқатар топ-боксшыларын қосқанын мәлімдеді. Бұл туралы компания әлеуметтік желідегі ресми парақшасында тізім жариялады.

Аталған спортшылардың қатарында Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов пен екі дүркін Олимпиада жүлдегері Иван Дычко бар. Екі боксшы да 2016 жылғы Олимпиада ойындарынан кейін кәсіпқой боксқа ауысқан болатын.

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокста жартылай орта салмақта 15 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Соңғы айқасын 2025 жылғы 19 шілдеде АҚШ-та өткізген. Ал аса ауыр салмақтағы Иван Дычко кәсіпқой рингте 16 жекпе-жек өткізіп, бір рет – Джермейн Франклинге қарсы кездесуде жеңіліс тапты.

Айта кетейік, Zuffa Boxing – жаңадан құрылған промоутерлік компания. Соған қарамастан, 2026 жылдың алғашқы екі айында ұйымның бастамасымен үш бокс кеші өтті. Бұл жекпе-жектер UFC-дің түсірілім павильонында ұйымдастырылып, көрермен саны шектеулі болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам