Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Странджа кубогы»: қазақстандық боксшы жартылай финалға шықты

27.02.2026, 20:02

Ол неміс боксшысын жеңді.

«Странджа кубогы»: қазақстандық боксшы жартылай финалға шықты
Kazakhstan Boxing Federation

Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері Фарух Тоқтасынов халықаралық аренада сәтті өнер көрсетіп, турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Ширек финалда отандасымыз Германияның жас былғары қолғап шебері Рэнди Ботикалимен қолғап түйістірді. Үш раунд бойы жоғары қарқында өткен тартысты айқаста Тоқтасынов белсенділігімен және дәл соққыларымен ерекшеленіп, төрешілер шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Фарух Тоқтасынов 2025 жылы Болгарияда өткен беделді турнирдің күміс жүлдегері атанған болатын. Бұл жолғы жарыста да ол жүлдеге басты үміткерлердің бірі саналады.

Бұған дейін жартылай финалға тағы бір қазақстандық боксшы – 50 келі салмақта өнер көрсететін Даниал Сәбит шыққан еді. Ал Бағлан Кенжебек (55 кг), Ертуған Зейнуллинов (65 кг) және Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (70 кг) ширек финалда қарсыластарына есе жіберіп, жарыс жолын аяқтады.

Алда кешкі сессия күтіп тұр. Жекпе-жектер Астана уақытымен 21:00-де басталады. Бұл сессияда Қазақстан құрамасынан бес спортшы шаршы алаңға шығады. Олардың үшеуі Өзбекстан боксшыларымен кездеседі.

Айта кету керек, «Странджа кубогы – 2026» турнирінде Қазақстан намысын жалпы саны 39 боксшы қорғайды. Оның ішінде 19 ер және 20 әйел спортшы бар. Кейбір салмақ дәрежелерінде ел намысын бірнеше боксшы қатар қорғап жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам