Күндізгі сессия 17:00-де басталады.
28 ақпан күні Болгарияда өтіп жатқан дәстүрлі «Странджа» халықаралық турнирінің жартылай финалдық айқастары өтеді. Бұл күні сегіз қазақстандық боксшы рингке көтеріліп, финал жолдамасын сарапқа салады.
Күндізгі сессия (17:00)
Алғашқы жартылай финалдық бәсекелер әйелдер арасында өтеді.
54 келі (А рингі)
Төртінші жұпта екі қазақстандық - Анель Сақыш пен Элина Базарова өзара мықтыны анықтайды.
65 келі (В рингі)
Лаура Есенкелді ирландиялық тәжірибелі боксшы, 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Грейн Уолшпен жұдырықтасады.
75 келі (В рингі)
Валентина Хальзоваға да осал қарсылас бұйырған жоқ. Ол 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, аустралиялық Эмма-Сью Гринтримен қолғап түйістіреді.
+80 келі (В рингі)
Ауыр салмақта Валерия Аксенова жергілікті Алейна Мехмедпен кездеседі.
+80 келі (В рингі)
Тағы бір қазақстандық Дина Исламбекова финал жолдамасын Өзбекстан өкілі Олтиной Сотимбоевамен сарапқа салады. Орталық Азия дербиі жанкүйерлер назарын аударары анық.
Кешкі сессия (21:00)
Кешкі бағдарламада ерлер арасындағы шешуші айқастар жалғасады.
50 келі (А рингі)
Даниал Сәбит Азия чемпионы өзбекстандық Асилбек Жалиловпен кездеседі. Бұл - күннің ең принципті жекпе-жектерінің бірі.
70 келі (А рингі)
Фарух Тоқтасынов өзбекстандық Шавкатжон Болтаевпен қолғап түйістіреді. Фарух турнир бойы сенімді өнер көрсетіп келеді және финалға шығуға мүмкіндігі бар.
Осылайша, 28 ақпан күні Қазақстан құрамасы «Странджа» турнирінің жартылай финалында сегіз бірдей боксшымен бақ сынайды.