Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақстандағы сұлу боксшы қыздардың бірі “Странджа” кубогының финалына шықты

28.02.2026, 18:36

Қорытынды есеп – 3:2.

Қазақстандағы сұлу боксшы қыздардың бірі “Странджа” кубогының финалына шықты
боксшының жеке архивінен

Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан 77-ші дәстүрлі “Странджа” кубогы халықаралық турнирінде жартылай финалдық айқастар басталды. Халықаралық деңгейі мен беделіне байланысты бұл дода бокста «кіші әлем чемпионаты» деп те аталады.

Әйелдер арасында 54 келіге дейінгі салмақта қазақстандық екі боксшы – жастар арасындағы әлем чемпионы Элина Базарова мен Әнел Сақыш финал жолдамасын сарапқа салды.

Жекпе-жек аса тартысты өтті. Бірінші раундта Әнел Сақыш төрешілердің бірауызды шешімімен (5:0) басым түсті. Екінші үш минуттық кезеңде Элина Базарова дәл сондай есеппен (5:0) таразы басын теңестірді.

Шешуші үшінші раундта Базарова белсенділік танытып, төрешілердің бөлінген шешімімен (3:2) жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 3:2.

Айта кетейік, қос боксшы 2025 жылы Семейде өткен ел чемпионатының жартылай финалында да кездесіп, ол жолы да Элинаның мерейі үстем болған еді.

Осылайша, Элина Базарова турнир финалында бақ сынауға мүмкіндік алды. Ал Әнел Сақыш Болгариядағы беделді жарысты қола жүлдемен аяқтады. Бүгінгі жарыс бағдарламасы бойынша шаршы алаңға тағы 8 қазақстандық боксшы шығуы жоспарланған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам