Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Бүгін бес қазақ боксшысы алтын үшін сынға түседі

Бүгін, 08:45

Төрехан Сабырхан иорданиядық Зейад Ишаишпен жұдырықтасады

Бүгін бес қазақ боксшысы алтын үшін сынға түседі
бокс федерациясы

Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында бүгін, 10 сәуірде, Қазақстан ерлер құрамасынан бес боксшы финалда шаршы алаңға көтеріледі.

Алтын медаль үшін сынға түсетін боксшылар:

Күндізгі сессия, 10:00

  • 3-жұп, 60 келі: Оразбек Асылқұлов –Сачин Сачин (Үндістан)
  • 5-жұп, 70 келі: Төрехан Сабырхан – Зейад Ишаиш (Иордания)
  • 6-жұп, 75 келі: Сабыржан Аққалықов – Жавохир Абдурахимов (Өзбекстан)
  • 8-жұп, 85 келі: Нұрбек Оралбай – Жасурбек Юлдошев (Өзбекстан)
  • 10-жұп, 90 келіден жоғары: Айбек Оралбай – Данабек Байкенже (Қытай)

Ал Қазақстанның әйелдер құрамасы құрлықтық додада жарысты 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен аяқтады.

Азия чемпионы атанғандар:

  • Надежда Рябец (80 келі)
  • Дина Исламбекова (80 келіден жоғары)

Күміс жүлдеге ие болған:

  • Бақыт Сейдеш (70 келі)

Қола медаль алғандар:

  • Әйгерім Сәттібаева (48 келі)
  • Валентина Хальзова (70 келі)

Осылайша, Қазақстанның әйелдер құрамасы медаль саны бойынша екінші орынға табан тіреді. Бұл көрсеткіш бойынша көш басында Үндістан құрамасы келеді. Олардың еншісінде 4 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль бар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам