Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Төртінші рет әке атанды»: Жанқош Тұраровтың тағы бір қызы өмірге келді

Бүгін, 13:34

Боксшы отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті

«Төртінші рет әке атанды»: Жанқош Тұраровтың тағы бір қызы өмірге келді
instagram.com/zhankoshturarov

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті.

Белгілі спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа туған қызының фотосуреттерін жариялап, қуанышын оқырмандарымен бөліскен.

«Қызымды өзім босандырып алып, бірден АҚШқа жолға шығып кеткен едім, қайта көруге әрең жеттім. Нәрестенің иісін жәннәттың жұпар иісіне теңейтіндей-ақ бар ғой шіркін, иісіне тоймайсың. Алла қаласа қырқынан да шығатын күн алыс емес. Алланың берген ең үлкен хадиясы, көз қуаныштарым - қыздарым. Аңсап жүрген барша отбасыға дәл осындай теңдесі жоқ бақыт жұғысты болсын!», – деп жазды боксшы.

Айта кетейік, Тұраров наурыз айының ортасынан бері жаттықтырушысы мен қазақстандық боксшы Балауса Мұздыманмен бірге Лас-Вегас қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізді. Олар әйгілі Top Rank залы мен ағайынды Варгас жаттығу орталығында дайындалған.

Жанқош Тұраров пен жұбайы Клара Иса 2017, 2019 және 2021 жылдары дүниеге келген үш қыз тәрбиелеп отыр. Енді олардың шаңырағы тағы бір сәбимен толықты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам