ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Бокстан әлем кубогында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті

Виктория Графеева – әлем кубогының чемпионы

ҚБФ
ҚБФ

Бокстан Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында әлем кубогының финалдық бәсекесі басталды.

60 келіде Виктория Графеева осы салмақтағы басты бәсекелесі, әлем чемпионы Ребека Де Лима Сантоcпен (Бразилия) жұдырықтасты.

Отандасымыз жекпе-жек бойы өз бойы мен қолының ұзындығын тиімді пайдаланып, қарсыласын қашықтықта ұстауға тырысты. Дегенмен Ребека Де Лима Сантос үнемі алға ұмтылып, ұпай жинап отырды. Нәтижесінде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті Виктория Графееваға берді.

Айта кетейік, қос боксшы соңғы бір жыл ішінде төртінші рет кездесіп отыр. 2025 жылы Астанада өткен әлем кубогының финалында Виктория басым түссе, әлем чемпионатының финалы мен «Странджа» турнирінде бразилиялық спортшы жеңіске жеткен еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам