Головкин рингке қайта орала ма? «Канело» GGG туралы күтпеген пікір айтты

Telegram WhatsApp

Альварес Геннадиймен арадағы әңгіме жайлы жылы пікір білдірді

әлеуметтік желі
әлеуметтік желі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық жұлдыз Сауль Альварес ұзақ жылдарға созылған текетірестен кейін тағы да бас қосты. Екі боксшы Мысырдың Гиза қаласында өткен Александр Усик пен Рико Верхувен арасындағы жекпе-жек кешінде кездесіп, жанкүйерлер назарын өздеріне аударды.

«Канело» лақап атымен танымал Альварес Геннадиймен арадағы әңгіме жайлы жылы пікір білдірді.

«Біз Геннадиймен түрлі естеліктерді айтып, әңгімелестік. Арамызда үш үлкен жекпе-жек өтті, сондықтан бөлісетін дүние де көп болды»

деді мексикалық боксшы

Сондай-ақ Альварес қазақстандық былғары қолғап шеберінің рингке қайта оралу ықтималдығына да тоқталды.

«Геннадий өзіне не дұрыс деп санаса, соны істеуге толық лайық. Егер қайта оралып, тағы бір жекпе-жек өткізсе, бұл бокс үшін де, жанкүйерлер үшін де тамаша жаңалық болар еді»

деді ол

Айта кетейік, Головкин мен «Канело» арасындағы алғашқы айқас 2017 жылы өтіп, даулы тең нәтижемен аяқталған еді. Бір жылдан кейінгі реваншта төрешілер шешімімен Альварес жеңіске жетсе, 2022 жылғы трилогияның соңғы кездесуінде де мексикалық боксшы басым түсті. Сол жекпе-жектен кейін Геннадий Головкин рингке шыққан жоқ. Дегенмен ол әлі күнге дейін мансабын ресми түрде аяқтағанын жарияламаған.

Пікірлер

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 53 839 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті 132 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 124 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 502 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 257 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 138 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 123 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 620 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 393 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 547 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 590 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 301
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›