Жәнібек Әлімханұлының белбеуі үшін чемпиондық айқас өтеді

Telegram WhatsApp

Айқас 8 тамызға жоспарланған

Әлеуметтік желі
Әлеуметтік желі

IBF ұйымы орта салмақтағы бұрын Жәнібек Әлімханұлы иеленген чемпиондық белбеу үшін өтетін жекпе-жекке қатысатын боксшыларды ресми түрде бекітті. Енді вакантты титул үшін ирландиялық Аарон Маккенна мен италиялық Этиноса Олиха өзара мықтыны анықтайды.

Шешім IBF-тің кезекті конвенциясында қабылданды. Жеңіліп көрмеген екі боксшы арасындағы чемпиондық айқас 8 тамыз күні өтеді деп жоспарланған. Бұл кездесудің жеңімпазы кейін америкалық Амари Джонсқа қарсы міндетті жекпе-жек өткізуі тиіс.

Еске салайық, аталған белбеу бұған дейін қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына тиесілі болған. Алайда допинг-сынақ нәтижесіне байланысты ол бір жылға дисквалификация алып, IBF чемпионы мәртебесінен айырылды. Қазақ боксшысы WBO тұжырымы бойынша рингке тек 2026 жылдың желтоқсанында қайта оралуға мүмкіндік алады.

Сондай-ақ WBO ұйымының уақытша чемпионы да белгілі болды. Британиялық Дензел Бентли Эндри Сааведраны мерзімінен бұрын жеңіп, уақытша титулды иеленді. Қазіргі таңда дәл осы Бентли Әлімханұлының келесі міндетті қарсыласы ретінде қарастырылып отыр.

Айта кетейік, Жәнібек пен Дензел Бентли осыдан төрт жыл бұрын Қазақстанда қолғап түйістірген. Сол кездесуде қазақстандық боксшы төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен еді.

Пікірлер

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 53 814 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті 132 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 124 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 495 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 257 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 138 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 126 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 620 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 393 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 547 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 590 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 301
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›