Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов ұсталды

Бүгін, 09:54

Ол автокөлікті мас күйде айдап, бірнеше көлікті соғып кеткен

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов ұсталды
Instagram.com / yeleussinovdaniyar

Бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов мас күйде автокөлік айдап, екі бірдей жол көлік оқиғасын жасаған деп жазады Tengrinews.kz. Полиция оны ұстап, қамауға алған.

Полиция департаментінің хабарлауынша, қалада бір мезетте екі бірдей жол көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан бірнеше автокөлікке зақым келіпті. Көліктерді бүлдірген Toyota Land Cruiser жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен.

«Автокөлікті полицейлер Достық көшесінде ұстады. Тізгінде 35 жастағы ер адам мас күйде болған. Жол көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ», - деп мәлімдеді қалалық Полиция департаменті өкілдері.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары боксшының әрекетін тергеп-тексеріп жатыр. Оның нәтижесі бойынша Елеусіновке заң аясында шара қолданылады.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов Рио Олимпиадасының чемпионы. Мұнан кейін ол кәсіпқой боксқа ауысқан. Мансабын әлі аяқтамады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам