Данияр Елеусінов 20 тәулікке қамалды

Telegram WhatsApp

Ол мас күйде автокөлік айдап, жол көлік оқиғасын жасаған

Instagram.com / yeleussinovdaniyar
Instagram.com / yeleussinovdaniyar

Көлікті мас күйде айдап, бірнеше автокөлікті соққаны үшін даңқты боксшы Данияр Елеусініов 20 тәулікке қамалды. Бұл туралы Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты хабарлады.

Сотта анықталғаны, Елеусінов өзінің Toyota Land Cruiser Prado автокөлігімен үш рет жол көлік оқиғасын жасаған. Бұл сәтте ол алкогольді ішімдікке мас болыпты. 

Алдымен жерасты автотұрағы қақпасының тірегін барып соққан. Артынша екі көлікті зақымдапты. Кейіннен Kia Sportage автокөлігімен соқтығысып, соққының әсерінен аталған автокөлік Toyota Hilux автокөлігіне соғылған.

Жол-көлік оқиғаларының салдарынан көлік құралдарына механикалық зақым келтіріліп, материалдық шығын келтірілген.

«Құқық бұзушының кінәсі іс материалдарымен, оның ішінде медициналық куәландыру қорытындысымен дәлелденді. Аталған қорытындыға сәйкес Е.-де алкогольдік масаңдықтың жеңіл дәрежесі анықталған. Сонымен қатар кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалармен, жол-көлік оқиғаларының сызбаларымен, бейнежазбалармен, оқиғаға қатысушылардың түсініктемелерімен және сотта зерттелген өзге де дәлелдемелермен расталды»

делінген сот таратқан ақпаратта

Осыдан кейін Данияр Елеусіновті 20 тәулікке қамау және жүргізуші куәлігінен 7 жылға айыру жазасы тағайындалды.

Еске салайық, Данияр Елеусінов бокстан 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы.

Пікірлер

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 53 651 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті 132 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 119 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 475 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 257 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 137 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 123 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 620 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 393 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 547 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 590 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 301
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›