Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Даниярдың әлсіз тұсы – отбасы». Елеусіновтің менеджері күтпеген шындықты айтты

Бүгін, 09:50

Данияр Елеусіновтің қамауға алынуы мансабына да әсер еткен

«Даниярдың әлсіз тұсы – отбасы». Елеусіновтің менеджері күтпеген шындықты айтты
Әлеуметтік желі

Қазақстандық боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің менеджері Зия Әлиев спортшының қамауға алынуына байланысты пікір айтып, бұл жағдай оның спорттық жоспарына да әсер еткенін жеткізді.

Менеджердің айтуынша, Елеусінов жуық арада АҚШ-тың Майами қаласына барып, келесі жекпе-жегіне дайындықты бастауы тиіс болған. Тамыз айында ол Дана Уайттың Zuffa Boxing промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын турнирде алғаш рет шаршы алаңға шығуды жоспарлаған.

«Біз оның Майамиге жақын арада ұшып келуін күтіп отырдық. Себебі келесі жекпе-жекке дайындықты бастау керек еді. Тамыз айында Zuffa Boxing турнирінде өнер көрсетуі жоспарланған болатын. Жалпы, осы ұйымдағы дебюті түрлі себептерге байланысты бірнеше рет кейінге шегерілді. Ең бастысы — ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл жағдайды өзімен міндетті түрде талқылаймыз», — деді Зия Әлиев.

Ол сондай-ақ Елеусіновтің соңғы уақытта жеке өміріндегі қиындықтар оның психологиялық жағдайына әсер еткенін жасырмады.

«Кейде отбасындағы мәселелер басқа дүниеге көңіл бөлуге мүмкіндік бермейді. Қыста да ол осындай ауыр күйзелісті бастан өткерген еді. Біз одан теріс айналмаймыз. Бұл — өмір. Әркімнің әлсіз тұсы болады. Даниярдың әлсіз жері — отбасы», — деді менеджер.

Айта кетейік, бұған дейін Данияр Елеусіновтің қамауға алынғаны туралы ақпарат тараған болатын. Менеджердің айтуынша, болған жағдайға қарамастан, боксшымен жұмыс жалғасады және оның кәсіби мансабына қатысты жоспарлар өзгерген жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам