ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

«Уақытымды жоғалтқым келмейді»: Жәнібек Әлімханұлы маңызды мәлімдеме жасады

Ол әлеуметтік желіде кезекті жазбасын жазып қалдырды

instagram.com/janibek_alimkhanuly/
instagram.com/janibek_alimkhanuly/

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы өзінің басты бәсекелесі Хамза Шираздың уақыт созып жатқанына шағымданып, оны дереу жекпе-жек ұйымдастыруға шақырды.

Бұған дейін Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Ширазды Әлімханұлына қарсы жекпе-жек өткізуге міндеттеген еді. Алайда, артынша келіссөз жүргізу уақытын кейінге шегеріп, 10 қыркүйек деп бекітті. Бүгін британдық боксшының менеджерлері соңғы сөзін айтуы тиіс.

Шираз – суперорта салмақ дәрежесінде WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы. Жәнібек болса бұл салмаққа жаңа ауысып келген. Сондықтан британдық боксшы WBO-ның шешіміне наразылық білдіріп, қазақ боксшысының чемпиондық жекпе-жекке әлі лайық емес екенін бұған дейін мәлімдеген еді. Десе де, ол ұйымның талабын орындауы тиіс. Жекпе-жек өткізуден бас тартқан жағдайда ол чемпиондық белбеуді өз еркімен қайтаруы тиіс.

Жәнібек Әлімханұлы болса Шираздың қашқақтап жүргеніне наразы. Ол болашақ қарсыласын уақытты босқа өткізбеуге шақырды.

«Ол уақытты тым созып жіберді. Егер жекпе-жекке шыққысы келсе, ашық айтсын да, жекпе-жекті ұйымдастырсын. Ал егер жұдырықтасқысы келмесе, чемпиондық белбеуін босатуы керек. Мен уақытымды жоғалтқым келмейді», - деп жазды Әлімханұлы X әлеуметтік желісінде.

Еске салайық, қазақ боксшысы орта салмақта екі бірдей чемпиондық белбеуге иелік еткен. Алайда, допинг қолданғаны анықталып, ол атақ-даңқынан айрылды. Артынша салмағын ауыстырып, бір дивизион жоғары көтерілді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам