Енді финалдық жолдаманы Балқыбекова Вьетнам қызымен сарапқа салады
Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында қыздар боксынан 51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Алуа Балқыбекова ширек финалда жапон қызы Юна Нишинаканы жеңіп, жартылай финалға шықты.
Жекпе-жекті белсенді бастаған қазақ боксшысы бірінші раундта аз ғана басымдықпен ұпай алды. Ал, екінші раундта боксшылар соққылар алмасып, төрешілердің таңдауы жапон қызына түскен. Шешуші кезеңде Алуа ашық айқасқа барып, қарсыласының еркін қимылдауына еш мүмкіндік қалдырған жоқ. Нәтижесінде төрешілер 3:2 есебімен жеңісті қазақ қызына берді.
Енді финалдық жолдаманы Балқыбекова Вьетнам қызымен сарапқа салады.
Еске салайық, кеше ерлер құрамасынан аса ауыр салмақта өнер көрсететін Айбек Оралбай қырғыз боксшысын жеңіп, жартылай финалға шыққан еді.