«Бүкіл ел нағыз чемпионның қандай болатынын көрді»: Төрехан Сабырхан ағасына қолдау білдірді

Махмұд Сабырхан жартылай финалда Филиппин өкілі Карло Пааламмен жұдырықтасты

Әлеуметтік желі
Әлеуметтік желі

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Азиада-2026 ойындарының жартылай финалынан кейін ағасы Махмұд Сабырханға қолдау білдірді.

Махмұд Сабырхан 55 келіге дейінгі салмақта финалға шығу үшін Филиппин өкілі Карло Пааламмен жұдырықтасты. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің 3:2 есебімен жеңісті Пааламға бергені белгілі. Осылайша, Махмұд Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. 

Жекпе-жектен кейін Төрехан әлеуметтік желідегі парақшасында ағасымен бірге түскен суретін жариялап, оған жылы лебізін білдірді.

«Бүкіл ел нағыз чемпионның қандай болатынын көрді. Ең маңызды сәтте өзіңіздің нағыз чемпион екеніңізді дәлелдедіңіз», – деп жазды Төрехан Сабырхан.

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан Азиаданың 70 келіге дейінгі салмағында өнер көрсетіп, финалға жолдама алған. Ол жартылай финалда Өзбекстан өкілі Шавкатжан Болтаевты 5:0 есебімен жеңді.

Бүгін қазақстандық боксшы шешуші жекпе-жекте Иордания өкілі Зеяд Ишаишпен кездеседі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам