Будвадағы әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы 8 медаль жеңіп алды

Жалпыкомандалық медаль есебінде төртінші сатыға тұрақтады

ҚБФ
ҚБФ

Қазақстан құрамасы Черногорияның Будва қаласында 19 жасқа дейінгі боксшылар арасында өткен әлем чемпионатын сегіз медальмен аяқтады. Отандастарымыз бір алтын, үш күміс және төрт қола жүлде иеленіп, жалпыкомандалық есепте төртінші орынға тұрақтады.

Қазақстан қоржынына жалғыз алтын медальді 80 келіден жоғары салмақта сынға түскен Зарина Толыбай салды. Финалда ол Ресей өкілі Сами Итонееваны жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Үш қазақстандық боксшы күміс жүлдегер болды. Алина Құдайгенова (57 келіге дейін) финалда ресейлік Анастасия Голуновадан жеңілсе, Бейбарыс Әшірбай (70 келіге дейін) ирландиялық Джон Донохиге есе жіберді. Ал Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) шешуші кездесуде өзбекстандық Ислам Салиховтан ұтылды.

Төрт спортшымыз әлем чемпионатының қола медаліне ие болды. Олар — Мадира Жұмақан (51 келі), Индира Қыдырмолдаева (60 келі), Данияр Ақбисенов (60 келі) және Еркетаң Жарқынбек (90 келі).

Жалпыкомандалық есепте бес алтын және бес күміс медаль жеңіп алған Ресей құрамасы бірінші орынға шықты. Өзбекстан төрт алтын, екі күміс және екі қола медальмен екінші орынға жайғасса, АҚШ құрамасы екі алтын, бір күміс және екі қола жүлдемен үздік үштікті түйіндеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам