Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Бокстан Олимпиаданың жеті чемпионы Парижде сынға түседі

17.03.2024, 12:50

Олардың арасында қазақтар жоқ

Бокстан Олимпиаданың жеті чемпионы Парижде сынға түседі
коллаж: 1bol.kz

Париж олимпиадасында бокстан өтетін сынға бірнеше танымал спортшы қатысады. Олардың барлығы бұған дейін Олимпиада ойындарында топ жарған атлеттер.

Куба құрамасының сапында екі дүркін Олимпиада чемпиондары Хулио Ла Круз бен Арлен Лопес Париждегі ойындардың жолдамасын иеленді. Егер олар кезекті рет чемпион болса бокс тарихында төртжылдықтың басты ойындарында чемпион атанған төртінші және бесінші боксшы болмақ.

Қос боксшы 2016, 2020 жылдары Рио және Токиода өткен ойындарда өз салмағында чемпион атанған. Оның ішінде Париждегі сын Ла Круздың спорттық мансабындағы төртінші Олимпиадасы болып отыр. Ол 2012 жылы Лондондағы бәсекеге қатысып ширек финалда төрешілер шешімі бойынша бразилиялық боксшыға есе жіберген. Ал, 2016 жылы Риода – 81, Токиода – 91 келіде қарсылас шақ келтірген жоқ. Сондай-ақ, ол әлем чемпионатының 5 дүркін жеңімпазы, Панамерика ойындарында 4 рет жеңімпаз атанған.

Кубалық Арлен Лопес бұл сында 80 келіде өнер көрсетеді. Ол Риода – 75, Токиода – 80 келіде алтыннан алқа таққан еді.

Аса ауыр салмақта Токио олимпиадасының чемпионы, өзбекстандық Баходир Жалолов өзінің мансабындағы екінші алтынды иелену үшін Парижде барын салады. Боксшы өткен жылы Қытайда өткен Азия Ойындарында жолдама иеленген.

Сондай-ақ, Өзбекстан өкілі Хасанбой Дусматов та Олимпиадаға қатысады. 48 келіде Риодағы Ойындарда топ жарған өзбек боксшысы Парижде 51 келіде өз әлеуетін байқап көрмек.

Әйелдер арасында ирландиялық Келли Харрингтон Токио Олимпиадасының чемпионы. 60 келіде сынға түсетін спортшы Париж жолдамасына қол жеткізген. Айта кететін жайт, бұл салмақта Риода өткен Олимпиаданың чемпионы, франциялық Эстель Моссели де жолдама иеленіп отыр. Алда бір салмақта Олимпиаданың екі чемпионының айқасына куә болуымыз мүмкін.

Түрік қызы Бусеназ Сюрменели де Париждегі ойындарға барады. 69 келіде сынға түсетін ол 2020 жылғы Олимпиада алтынын иеленген.

Әйелдер арасында Олимпиада ойындарында екі дүркін жеңімпаз атанған әзірге тек екі боксшы ғана бар. Олардың бірі – АҚШ боксшысы Кларесса Шилдс (75 келі) болса, екіншісі – ұлыбританиялық Никола Адамс. Бұйырса, Париждегі сында екі дүркін чемпион атанған тағы да бірнеше әйел боксшы шығатынына сеніміміз мол.

Қазақстан құрамасы сапында Парижге баратын Олимпиада жүлдегерлері бар. Олардың бірі – Қамшыбек Қоңқабаев болса, екіншісі – Сәкен Бибосынов. Аталған боксшылар Токиода өз салмағында қола жүлдеге ие болған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам