Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Тим Цзю америкалық боксшыға жеңіліп, чемпиондық титулынан айрылып қалды

31.03.2024, 09:52

Қарсыласының бойы 2 метрге жуық

Тим Цзю америкалық боксшыға жеңіліп, чемпиондық титулынан айрылып қалды
Чемпионат

Даңқты кәсіпқой боксшы Константин Цзюдің ұлы Тим Цзю өзінің чемпиондық титулын қорғай алмады. Америкалық Себастьян Фундорамен жекпе-жекке шыққан кіші Цзю 12 раундтың қорытындысында ұпай санымен жеңілді.

Бокс кеші T-Mobile Arena-да өтті. Фундора Тим Цзюдің WBO чемпиондық белбеуімен бірге вакантты WBC белбеуін де қоса жеңіп алды.

Аустралия атынан шығатын Тим Цзю үшін бұл – мансабындағы алғашқы жеңілісі. Ол бұған дейінгі жекпе-жегінде Брайан Мендесті ұпай санымен жеңген болатын. Ал, Фундор болса дәл сол боксшыдан нокаутпен жеңілген.

29 жастағы Цзюдің еншісінде 24 жеңіс пен 1 жеңіліс бар. Фундора да 1 рет жеңіліп, 22 рет жеңіске жеткен және бір рет тең ойнаған.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам