Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Төрехан Сабырхан Олимпиадаға дайын – боксшының бапкері мәлімдеме жасады

31.03.2024, 23:20

Ол жастар және жасөспірімдер арасында Азияның бірнеше дүркін чемпионы

Төрехан Сабырхан Олимпиадаға дайын – боксшының бапкері мәлімдеме жасады
instagram.com/oralbekov.ilias/

Сәуірдің 8-10 аралығында бокстан 63,5 келіде жұдырықтасатын Қазақстан құрамасының алты боксшысы Астанада арнайы спарринг өткізеді. Ең мықтысы Тайландта өтетін лицензиялық турнирге барады.

Бұл күндері Ертуған Зейнуллинов, Жандос Қыдырәлиев, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Төрехан Сабырхан, Серік Теміржанов және Дулат Бекбауов өзара мықтыны анықтамақ. Осыған байланысты отандық спорт журналисі Уәлихан Қосанбай Олимпиадаға 19 жасқа толмаған боксшылардың қатыса алмайтынын айтып, Төрехан Сабырханның лицензиялық турнирге бара алмайтынын жазған еді. Өйткені оның жасы 18-де. Ал, боксшының бапкері Ілияс Оралбеков қалайда Олимпиадаға барамыз деп бекініп отыр.

«Төрехан Олимпиададан алты айдан соң 19 жасқа толады. Махмуд 17 жасында Елорда кубогінде ересектер арасында екінші орын алған. Амир Хан 17 жасында Олимпиаданың күміс жүлдегері болды. Қазақстанда 18 жастағы Олимпиада чемпионын неге шығармасқа?! Қорқатын түгі жоқ. Төрехан салқынқанды, қаңғып келген соққыларды ала бермейді, керек кезде төбелесіп алады, оған ертеңгі жарыста куә боласыздар. Ол спаррингті ұтса Олимпиада жолдамасы үшін болатын жарысқа қатысады», - деп жазды Ілияс Оралбеков өзінің Instagram-парақшасында.

Дегенмен, ол 19-ға толмаған шәкіртін Олимпиадаға қандай жолмен қатыстыратынын түсіндірген жоқ.

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан – әлем чемпионы Махмұд Сабырханның туған інісі. Ол жастар және жасөспірімдер арасында Азияның бірнеше дүркін чемпионы.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам