Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Жекпе-жекке дайындалып жүрген Майк Тайсонның денсаулығы сыр берді

28.05.2024, 01:03

Оның асқазаны ауырады

Жекпе-жекке дайындалып жүрген Майк Тайсонның денсаулығы сыр берді
twitter/ygcrypto

Әйгілі Майк Тайсон америкалық блогер Джек Полмен шаршы алаңға шығуға дайындалып жатыр. Алайда, ардагер спортшының денсаулығы жекпе-жек жақындағанда сыр бере бастады.

Майамиден Лос-Анжелеске ұшқан Майк ұшақта отырып күрт денсаулығы нашарлағанын сезген. Ол бірден дәрігер іздеп, экипаждан көмек сұрапты. Ал, ұшақ қонуға жарты сағат қалғанда оның басы айналып, асқазан жарасы сыр бере бастаған.

«Тайсон мырзаның денсаулығы қазір өте жақсы. Ол дәрігерлердің көмегі үшін алғыс білдірді», - деп жазды АҚШ-тың NY Post басылымы.

20 шілде күні 57 жастағы Тайсон 27 жастағы Полмен Техаста жекпе-жек өткізеді. Аталған кездесу 8 раундқа жоспарланған. Сондай-ақ, бұл айқастың нәтижесін BoxRec-те есепке алады. 

Соңғы 4 жылда Джек Пол 9 жекпе-жек өткізіп, тек бір рет қана есе жіберді. Ол UFC-дің бұрынғы жұлдызы Тайрон Вудли мен Бен Аскренді нокаутпен ұтса, Андерсон Силва мен Нейт Диасты төрешілер шешімі бойынша жеңді. Оның жалғыз жеңілісі Тайсон Фьюридің ағасымен болған сында тіркелді. Сол жолы Джейк оны нокдаунға түсірген еді. 

Майк Тайсон соңғы рет 2005 жылы екі ірі жеңілісінен кейін кәсіпқой бокстан кеткен еді. Алайда 2020 жылы ол Рой Джонспен шаршы алаңға шығып, жекпе-жек тең есеппен аяқталған болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам