Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Мұхамедсабыр Базарбайұлы екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті

28.05.2024, 12:21

Бүгін Қазақстанның тағы бір боксшысы шаршы алаңға шығады

Мұхамедсабыр Базарбайұлы екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
Қазақстан бокс федерациясы

Таиландта бокстан өтіп жатқан лицензиялық турнирде Мұхамедсабыр Базарбайұлы екінші кездесуінде жеңіске жетті. 63,5 келіде сынға түскен отандасымыз Бангкок шаршы алаңында Түркия боксшысы Мизан Айкөлді аса қиындықсыз ұтты. 

Бүгін еліміздің әйелдер құрамасынан 54 келіде Ұлжан Сәрсенбек өнер көрсетеді. Оның қарсыласы АҚШ боксшысы Шэр Мэй Патрисио болмақ.

Маусым айының 3-не дейін жалғасатын турнирде Қазақстан атынан 6 боксшы сынға түселді. Олардың ішінде біреуі ерлер құрамасының өкілі болса, қалған бесеуі әйел боксшылар.

Әзірге ұлттық құраманың былғары қолғап шеберлері Париж Олимпиадасына 7 жолдама ғана иеленген. Бұған дейін Азия ойындары мен Италияда өткен әлемдік іріктеу турнирінде боксшыларымыз Олимпиада жолдамасына толық қол жеткізген жоқ болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам