Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Умар Кремлев Олимпиада чемпионы болған боксшыларға ірі көлемде сыйақы бермекші

29.05.2024, 18:39

Олимпиадада боксты ұйымдастыру Халықаралық Олимпиада комитетінің мойнында

Умар Кремлев Олимпиада чемпионы болған боксшыларға ірі көлемде сыйақы бермекші
Global Look Press

Халықаралық бокс қауымдастығының (ІВА) президенті Париж Олимпиадасына қатысты мәлімдеме жасады.

Омар Кремлев биыл Олимпиадада жүлде алған боксшыларға 1 млн доллар көлемінде сыйақы тағайындайтынын ресми хабарлады. Ол Халықаралық Олимпиада комитетінің боксшыларға аса алаңдамайтынын сынға алып, ІВА аса маңызды шешім қабылдағанын жеткізді.

«Бұл әлемдік бокстың басты жаңалығы болғалы отыр. Сіздер үнемі менен әлем чемпионатында неліктен 10 млн доллар беріліп, ХОК тарапы Олимпиадада ештеңе ұсынбайтынын жиі сұрайсыздар. Қазір ХОК басшылығы спортшыларға жағдай жасауға қауқарлы емес. ІВА президенті ретінде өз спортшыларымызға және бапкерлерге жағдай жасауды көздеп отырмыз. Бұл ретте біз Олимпиадада жүлде алған боксшыларға қаржылай сыйақы беретінімізді мәлімдейміз. Олимпиада чемпионына 100 мың, 2-орынға 50 мың доллар, үшінші орынға 25 мың доллар, 5-ші орынға 10 мың доллар ІВА атынан беріледі. Ең бастысы,  финалға шыққан боксшылар ІВА чемпиондық белдігіне үміткер атанады. Оның жүлде қоры – 1 млн доллар. Біздің басты тапсырмамыз боксшылар мен федерацияларға жарқын болашақ жасау», - деді Омар Кремлев мәлімдемесінде.

Биыл Париж Олимпиадасында боксшылар 7 салмақ бойынша сынға түседі. Әр салмақта 16 спортшыдан қатысып, 51, 57, 63,5, 71, 80, 92, +92 келіде бес құрлықтың өкілдері бақ сынайды. Қазіргі уақытта ХОК-тың ұйымдастыруымен әлемдік соңғы іріктеу турнирі Таиландта өтіп жатыр.  

Айта кететін жайт, ІВА 2023 жылы әлем чемпионатында чемпион атанған боксшыларға 200 мың АҚШ долларын табыстаған еді. Ал 2021 алғаш рет чемпиондар 100 мың доллардан алған болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам