Жекпе-жек Palm Casino Resort аренасында өтеді
Орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) 14 шілдедегі жекпе-жекте алатын гонорар мөлшері анықталды.
Бұл кездесу 14 шілдеде Лас-Вегастағы (АҚШ) Palm Casino Resort аренасында өтеді. Отандасымыз Жаңа Зеландияның атынан шығатын Андрей Михайловичпен жұдырықтасып, WBO және IBF чемпиондық белбеулерін қорғайды.
Sportysalaries.com сайтының хабарлауынша, Әлімханұлына жекпе-жек үшін 350 мың доллар (167 миллион теңге) алуға кепілдік берілген. Ал оның қарсыласы 200 мың долларға (95 миллион теңге) ие болады.
Дегенмен, жалпы сома жоғары болуы мүмкін, өйткені боксшылар жарнамалық бонустар мен демеушілерден төлемдер алуға құқылы.