Ең үздік нәтиже – Мейірім Нұрсұлтановта
Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) кәсіпқой боксшылардың рейтингін жаңартты. Аталған тізімде Қазақстанның бірнеше өкілі бар.
Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын Жан Кособуцкий мен Иван Дычко бір-бір сатыға жоғарылап, алғашқысы 28-ші, соңғысы 34-ші орынға тұрақтады. Ал, жартылай ауыр салмақтағы Бекзат Нұрдәулетов екі сатыға жоғары сырғып, 24-орынға шықты.
Екінші орта салмақта өнер көрсететін Али Ахмедов 18-орнын сақтап қалса, Бек Нұрмағанбет екі саты төмендеп, 33-орынға жайғасты.
Орта салмақтағы Мейірім Нұрсұлтанов екінші орында. Ол тек британдық Хамза Ширазға ғана жол берген.
Ал, бірінші жартылай орта салмақта жүрген Сергей Липинец пен Батыр Жүкембаев екі сатыға төмен түсіп, 27 және 28-орындарға тұрақтады. Екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Сұлтан Зауырбек рейтингке 28-орынмен енді ғана қосылды. Жуырда ғана ол аргентиналық Роман Рубен Рейносоны нокаутпен жеңген болатыр.