“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Асланбек Шымбергенов 2028 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға ниетті

31.07.2024, 13:16

Боксшы биыл 31 жасқа толады

Асланбек Шымбергенов 2028 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға ниетті
Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан әлем және Азия чемпионы Асланбек Шымбергенов Париж Олимпиадасындағы сәтсіздіктен кейін қолғабын шегеге ілмейтінін мәлімдеді. Даңқты спортшы Лос-Анджелесте өтетін (2028 жылы) келесі Олимпиада ойындарына дайындалатынын ресми мәлімдеді.

Парижде 71 келіде өнер көрсеткен жерлесіміз алғашқы айналымда иорданиялық боксшыдан жеңіліп қалған болатын.

«Дайындығымыз жақсы болды. Жеңілгенім үшін ешкімге кінә артпайм, өзім кінәлімін. Тағдырыма Олимпиаданың медалі жазылмай тұрған шығар… Бірақ, әлі дайындаламын, еңбек етемін. Қате-кемшілікпен жұмыс істеймін. Төрт жылдан кейінгі Олимпиадаға Алла қаласа қатысамыз», - деді ол жерлестерімен кездесуі барысында.

Шымбергенов Парижден Қазақстанға оралып, туған жері – Жамбыл облысына келді. Жерлестері оны салтанатты түрде күтіп алып, сый-құрмет көрсетті.

Айта кетейік, Асланбек Шымбергенов Париж Олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстанның туын алып шықты. Ол – бокстан Қазақстан құрамасының капитаны, 2023 жылғы әлем чемпионы.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам