“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Қазақстандық жас бизнесмен Нұрбек Оралбайға алтын сағат тақты

09.08.2024, 11:44

Алайда, Нұрбектің өзі Олимпиада алтынын ала алмады

Қазақстандық жас бизнесмен Нұрбек Оралбайға алтын сағат тақты
instagram.com/almaszhali

Париж Олимпиадасына Қазақстанның бір топ бизнесмені барып, отандық спортшыларға қолдау көрсеткен. Солардың бірі бокстан күміс жүлдегер атанған Нұрбек Оралбайға алтын сағат сыйлады.

Бұған дейін отандық кәсіпкерлер Олимпиада чемпионы атанған Елдос Сметовке, жүлдегер Ғұсман Қырғызбаевқа автокөлік пен үйір жылқы сыйлаған болатын.

«Кезінде Алмас Италияда лицензциялық жарыста Олимпиадада алтын болса, өте қымбат алтын сағат сыйлаймын деп уәде еткен. Нұрбек алтынға сәл жетпей қалды. Енді Лос-Анджелесте алтын аламын деп сөз беріп отыр», - дейді Парижге барған Мәжіліс депутаты Руслан Берденов.

Оның Алмас деп отырғаны – «Дәстүр» фильмінің бас продюсері, Ninetyone, «Ирина Қайратовна» топтарына көмектескен Алмас Жәли.

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай 80 келіге дейін салмақта Парижде күміс медаль еншіледі. Финалда ол украин боксшысы Олександр Хижнякқа есе жіберді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам