Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

«Жеңіліске боксшыларымыздың өзі ғана кінәлі»: Мұхит Амантаев Париждегі сәтсіздіктің себебін айтты

09.08.2024, 14:05

Боксшылар әліге дейін КСРО жүйесімен жаттығу жасап келеді

Қазақстан бокс құрамасы Париж Олимпиадасын аяқтады. Қоржында жалғыз күміс медаль ғана бар. Үміт артқан боксшылардың көбі бірінші айналымнан «ұшып» кетсе, Сәкен Бибосынов пен Мұхамедсабыр Базарбайұлы ширек финалда сүрінді. Нұрбек Оралбай жарысты екінші орынмен аяқтады.

Белгілі бапкер Мұхит Амантаевтың айтуынша, осынау сәтсіздікке боксшылардың өздері ғана кінәлі. Кінәні бапкерден немесе төрешілерден іздеу – дұрыс емес. Оның үстіне, боксшылардың көзінде от жоқ, Олимпиадаға әбден шаршап барған дейді ол.

Сондай-ақ, бүгінгі шығарылымда Қазақстандағы бокстың жалпы проблемаларына тоқталып, Сидней, Афины, Пекин, Лондон олимпиадаларындағы жетістіктерді саралап, салыстырдық.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам