Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

«Қазақстан боксына реформа жүргізіледі»: Федерация президенті күрделі өзгерістер туралы айтты

09.08.2024, 15:19

Қазақстан 8 жылдан бері Олимпиада ойындарынан алтын ала алмай жүр

«Қазақстан боксына реформа жүргізіледі»: Федерация президенті күрделі өзгерістер туралы айтты
Қазақстан бокс федерациясы

ҚР Бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп Парижде тілшілерге берген сұхбатында еліміздің бокс саласына реформа қажет екенін айтты. 

«Өзімізден жауапкершілікті алып, ақталатын жайымыз жоқ. Бәрімізден кінә бар. Федерация тарапынан да, жаттықтырушылар тарапынан да ағаттық кетті. Енді жіберген қателіктермен жұмыс істеп, нәтиже шығару қажет. Қазір біз шешімге келдік, қазақ боксына реформа жүргізіледі», - деді Шахмұрат Мүтәліп Qazsport арнасының тілшісіне берген сұхбатында. 

Айта кетейік, Қазақстан соңғы екі Олимпиада ойындарында алтын медаль ала алмай жүр. Парижде ерлер құрамасынан Нұрбек Оралбай күміс, әйелдер құрамасынан Назым Қызайбай қола жүлдені қанағат тұтты.

Шахмұрат Мүтәліп федерация тізгінін биыл ақпан айында ұстаған. Ол олигарх Кеңес Рақышевтің орнын басты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам