ҚФФ-ға жастар басшы болады. Олар ескі жүйені бұзып, жаңашылдық әкеле ала ма?

Өзбекстаннан елге оралған жас боксшы жаттығудағы басты құпиясын ашты

12.11.2024, 14:21

Аман Қонысбеков Өзбекстан чем­пио­натында жүлделі орын алған

Өзбекстаннан елге оралған жас боксшы жаттығудағы басты құпиясын ашты
ҚБФ

Бір айдан соң бокстан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді. Боксшыларымыз әлем чемпионатына кімнің баратынын анықтайтын бұл біріншілікке дайындығын пысықтап жүр. Олардың арасында жыл басынан бері ел намысын қорғап жүрген Аман Қонысбеков те бар.

Өзбекстанда туып-өскен 20 жастағы Аман биыл тарихи Отаны Қазақстанға қоныс аударып, азаматтық алып, ірі жарыстарда бой көрсетіп жүр. Жанкүйерлерді өзгеше жұдырықтасу стилімен, жойқын соққысымен тәнті қылған ол аз уақыт ішінде көпшілік көзайымына айналып үлгерді. turkystan.kz тілшісі боксшыдан жаттығу стилі туралы сұрап білді.

– Мырзағали аға бір сұхбатында сен туралы «Ол жігіттің табиғи күш-қуа­ты бар. Нағыз ауылдың жігіті. Бұ­рын бізде ондай боксшылар көп бола­тын. Алайда кейін көпшілігі қала­ға құмар болып кетті. Қалада өскен­нен кейін бе, жігіттеріміз күш жағынан осалдау. Ал бұл жігіттің екі қолы да қару­лы» деген еді...

– Иә, ол сұхбатты көр­­дім. Же­ке жаттығу­лар­ды үздіксіз жасау – менің хоб­биім. Спортта биік межеге жеткісі ке­летін адам өзге атлет­термен топ­та­сып істеген жаттығуымен шек­тел­меуі ке­рек. Топпен бірге жаттыққан соң, артынан жарты сағат болса да, өз стиліңді түзеп-күреп, өз-өзіңмен жұмыс істеуің керек. Мен Өзбекстанда жүргенде солай көп жаттығу істегенмін. Әсіресе, соққы шы­ғаратын жеке айла-тәсілімді жиі қол­дана­тынмын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам