Елеусінов Абель Рамос жермен-жексен етпекші
Бокстан олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО) жартылай орта салмақтағы WBC чемпионы, америкалық Марио Барриосты (29-2-1, 18 КО) жекпе-жекке шақырды.
16 қарашаға қараған түні Барриос Арлингтонда (АҚШ) өткен бокс кешінде өнер көрсетті. Оның қарсыласы америкалық Абель Рамос (28-6-3, 22 КО) болды. Кездесудің нәтижесі тең аяқталып, Марио өз титулын сақтап қалды.
«Өткен демалыс күндері WBC чемпионы Марио Барриостың өте әлсіз өнерін көрдік. Абель Рамоспен тең түсті, әрі кездесудің ортасында нокдаунға түсті. Марио, мен сені жеңетініме толық сенімдімін. Кез келген жерде, кез келген уақытта жекпе-жекке шығайық. Олимпиада чемпионы мен WBC чемпионы. Жанкүйерлерімізге нағыз шоу сыйлайық!» – деп жазды Елеусінов әлеуметтік желідегі парақшасында.