Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Махмұд Сабырхан Ресей чемпионына мастер-класс көрсетті (ВИДЕО)

26.11.2024, 17:16

Ол өзінің бұрынғы салмағына оралып, Азия чемпионатына дайын екенін мәлімдеді

Махмұд Сабырхан Ресей чемпионына мастер-класс көрсетті (ВИДЕО)
Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Азия чемпионатына дайындықтарын пысықтады. 29 қарашада Таиландта басталатын құрлық біріншілігіне Қайрат Сатжанов 13 боксшыны алып бара жатыр. Олардың қатарында 54 келіде өнер көрсететін Махмұд Сабырхан да бар.

Ұлттық құрама жолға шығар алдында Астанада соңғы спарринг жекпе-жектерін өткізді. Қазақстандықтармен бірге бұл жиынға Ресей, Куба және Грекия боксшылары да қатысқан болатын. Соңғы спаррингте Махмұд Сабырхан 54 келідегі Ресей чемпионымен жұдырықтасып, оған шеберлік сағатын өткізді деуге болады.

Жекпе-жектің видеосын Сабырханның жеке бапкері Ілияс Оралбеков өзінің Instagram-парақшасында жариялаған. Онда қазақ боксшысының ресейлік қарсыласын еш қиындықсыз ұрып алғанын байқауға болады.

Айта кетейік, Махмұд Сабырхан Париж Олимпиадасына бару үшін салмағын 57 келіге көтеріп, алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды. Оған дейін ол Ташкентте өткен әлем чемпионатында 54 келіде топ жарған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам