Исхар Құрбаев Астанадағы әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі

Жартылай финалда ирандық Пайам Фарзад Ахмади Балутакиге есе жіберді

Спортты дамыту дирекциясы
Спортты дамыту дирекциясы

Астана қаласында «Барыс Арена» спорт кешенінде грек-рим күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финал белдесулері басталды.

Ұлттық құрама спортшысы Исхар Құрбаев -55 кг салмақтың жартылай финалында U20 әлем чемпионы, ересектер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2025 ж) ирандық Пайам Фарзад Ахмади Балутакимен күш сынасты. Тартысты белдесуде отандасымыз қарсыласына есе жіберді. Енді ертең кешке Құрбаев кіші финалда қола жүлдеге таласады. Оның қарсыласы 25 қазанда жұбаныш кезеңінен соң белгілі болады.

Бүгін Исхар алғашқы айналымда жапониялық Кагетора Окамотодан, сосын 1/8 айналымда Ихтиёр Ботировтан (Өзбекстан) басым түсті. Ал ширек финалда Еуропа чемпионы, молдовалық Артём Делянумен күш сынасып, айқын басымдықпен жеңді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам