![Қазақстанның боксшы қыздары 5 алтын еншілеп, үздік нәтиже көрсетті](https://1bol.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2024/12/10/675826a5806b4408383020.jpg)
Әйелдер құрамасы өз тарихындағы алтын жүлде санын 22-ге жеткізді
Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасындағы сайыс мәресіне жетті. 5 боксшымыз да өз мансаптарында алғаш рет чемпион атанды. Қазақстанның әйелдер құрамасы 5 алтын еншілеп, өз тарихындағы екінші үздік нәтижесін (2021 жылы 8 алтын алған) көрсетті.
Осылайша әйелдер құрамасы өз тарихындағы алтын жүлде санын 22-ге жеткізді
Алтын медаль жеңіп алғандар:
60 келі. Виктория Графеева
63 келі. Аида Әбікеева
70 келі. Наталья Богданова
81 келі. Гүлсая Ержан
+81 келі. Елдана Талипова
Қола медаль иеленгендер:
48 келі. Айгерім Сәттібаева
52 келі. Жазира Орақбаева
57 келі. Ұлжан Сәрсенбек
66 келі. Милана Сафронова
75 келі. Диана Мағауияева