«Ливерпульге» жеңіс керек емес. «Реалға» жанымыз ашиды. «Мансити» қашан қатарға қосылады?

Сәрсекбаев Тәжікстан атынан Олимпиадаға қатысуға кімдер рұқсат бермегенін айтты

Бүгін, 10:38

Боксшы Қазақстанға келіп, ел чемпионы атанған

Сәрсекбаев Тәжікстан атынан Олимпиадаға қатысуға кімдер рұқсат бермегенін айтты
әлеуметтік желі

Бұл туралы Бейжің олимпиадасының чемпионы «Берен Live» арнасына берген сұхбат барысында әңгімеледі.

Ол өзбек бапкерлерінің қысымынан кейін тәжіктердің атынан Олимпиадаға қатысуды көздеген. Бірақ жолдама беретін жарысқа барып тұрып, кәрістердің шағымынан соң соңғы мүмкіндігінен айрылған көрінеді.

«Кезінде Өзбекстан құрамасынан Олимпиадаға бара алмаған соң Тәжікстан атынан қатысуға шешім қабылдадым. Соңғы іріктеу турнирі Пәкістанның Карачи қаласында өтті. Сол сында Бақтияр Артаев жолдама алды. Бірінші жекпе-жекте Оңтүстік Корея атынан сынға түстім. Бірақ кәрістар шағым жазып, бір елден келесі елге ауысу үшін кемі 2 жылдан соң ғана Олимпиадаға қатысу туралы ұсынысты айтты. Осылайша мен Афины Олимпиадасынан бір жола тыс қалдым», - деді Бақыт Сәрсекбаев.

Осылайша Өзбекстан мен Тәжікстанның атынан Олимпиадаға бара алмаған боксшы тарихи атамекеніне оралады. Өз салмағында Азияның №1 боксшысы спортшы Қазақстанда облыстық жарыстарға қатысып, бокстағы мансабынан басынан бастаған. Аз ғана уақыт ішінде ел чемпионы атанып, 2005 жылы Әлем кубогына қатысты. Сол сында ол командамен бірге қола жүлдегер атанса, 2006 жылы Азия ойындарында 69 келіде чемпион болды. Бұл сында бокстан Қазақстан құрамасы жалғыз алтынға қол жеткізген еді.

Ал 2008 жылы Бейжіңде Сәрсекбаев 69 келіде үздік атанып, алтыннан алқа тағынды. Сондай-ақ, белгілі боксшы ширек финалда Өзбекстан өкілі Дильшод Махмудовты оңдырмай ұтты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам