Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Өзбек боксшысы Абылайхан Жүсіповтің иығын қыршып тістеп алған (ВИДЕО)

12.12.2024, 20:57

Бұл бассыздықты төрешілердің ешбірі байқамаған

Өзбек боксшысы Абылайхан Жүсіповтің иығын қыршып тістеп алған (ВИДЕО)
Фото әлеуметтік желіден

Таиландта өткен бокстан Азия чемпионатында 71 келіде өнер көрсеткен қазақ боксшысы Абылайхан Жүсіповті өзбекстандық Хавасбек Асадуллаев тістеп алған. Қос боксшы финалда кездесіп, жеңісті төрешілер өзбекке берген болатын.

Хавасбектің тісі батқан жердің фотосын Абылайханның әйелі Индира Рахымберлина әлеуметтік желіге жүктеді. Артынша аталған оқиғаның видеосы да жария болды.

«Өзбекстан боксшылары тістеп бокстасты. Масқара! Бұл туралы жаңалықтарда жазылуы керек. Төреші мұны көрген жоқ, қапталдағы төрешілер де соқыр. Шынымен масқара тірлік. Егер жеңе алмасаңыз, тістеп алыңыз. 

Оны тістеп алғанына аң-таң болдым. Егер сіз капа арқылы қалай тістеуге болады деп ойласаңыз, онда айтайын: капаны тек тістің үстіңгі қатарына ғана киеді. Егер фото мен видеоға қарасаңыз, онда сол жер қансырап тұрғанын көруге болады. Ұят», - деп жазды Индира өзінің Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, Азия чемпионатында Қазақстан боксшылары 4 алтын алса, өзбектерден 8 боксшы чемпион атанды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам