Жаңа подкаст! Қонақта Қайрат Әділгерей!

Қырғыз билігі Олимпиадаға апармай қойған бокс бапкеріне «Даңқ» ордені табысталды

24.12.2024, 10:13

Ол билікке алғысын айтты

Қырғыз билігі Олимпиадаға апармай қойған бокс бапкеріне «Даңқ» ордені табысталды
Фото әлеуметтік желіден

Қырғызстан тарихында алғаш рет бокстан Әлем және Олимпиада жүлдегері болған Мунарбек Сейітбекұлының жеке бапкеріне «Даңқ» ордені табысталды.

Айта кету керек, бапкер Беганас Султанбаев қаражат үнемдеу мақсатында Париж Олимпиадасына бара алмай қалған еді. Соның салдарынан Мунарбекті рингке Өзбекстан бапкерлері алып шықты. Боксшы финалға дейін жетіп, ақтық сында ғана сүрінген болатын.

«Даңқ» орденін алған Султанбаев ел президенті Садыр Жапаровқа алғысын білдіріп, бұдан кейін де Қырғызстан үшін Олимпиада алтынын әкелуге күш-жігерін салатынын айтты.

Мунарбек Сейітбекұлы – Қырғызстан атынан Париж Олимпиадасында бокстан лицензия ұтып алған жалғыз боксшы. Ол Олимпиада ойындарында 57 келі салмақта күміс жүлдеге қол жеткізген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам