Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Төрехан Сабырхан Болгарияда әйгілі өзбек боксшысы Асадхужа Муйдинхужаевпен жұдырықтасады

23.02.2025, 22:21

Серік Теміржановқа да бірінші айналымда өзбектің Олимпиада чемпионы түсті

Төрехан Сабырхан Болгарияда әйгілі өзбек боксшысы Асадхужа Муйдинхужаевпен жұдырықтасады
Қазақстан бокс федерациясы

Болгария астанасы Софияда 24 ақпанда бокстан дәстүрлі «Странджа кубогі» басталады. Айтулы жарысқа Қазақстанның ерлер командасы екі құрамамен барды. 

Бүгін боксшылар салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, жеребе тартылды. Жастар арасындағы Әлем және Азия чемпионы Төрехан Сабырхан (67 кг) алғашқы айналымда Париж Олимпиадасының чемпионы – өзбек Асадхужа Муйдинхужаевпен жұдырықтасатын болды.

60 келіде өнер көрсететін Серік Теміржановқа да оңай соқпайын деп тұр. Оның қарсыласы да өзбек боксшысы – Олимпиада чемпионы Абдумалик Халоков.

Өзбекстанның тағы бір даңқты өкілі Хасанбой Дусматов бұл жарыста 54 келіде өнер көрсетеді. Ол бұған дейін Олимпиада ойындарын екі рет 48 келіде жеңіп алған болатын.

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан 2024 жылы Черногорияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды. Сонымен қатар, ол жастар және жасөспірімдер арасында Азия чемпионатын төрт рет жеңіп алған. Төрехан осы күнге дейінгі бірде-бір жарысында жеңіліп көрмеген.

Қазақстанның өзге боксшыларының алғашқы қарсыласы туралы ақпаратты мына сілтемеден көре аласыз.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам