
Бірінші жекпе-жекте Бивол мен Бетербиевтің әрқайсысы 10 миллион доллардан гонорар алған
Кәсіби боксшылар Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев Сауд Арабиясында өткен реванш үшін қомақты гонорар алады.
Дмитрий Бивол реваншта Артур Бетербиевті жеңіп, жартылай ауыр салмақтағы барлық чемпиондық белбеуді (WBA, WBO, WBC, IBF және The Ring) иеленді. Бұл кездесу Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өткен бокс кешінің басты оқиғасы болды.
Боксшылардың екінші жекпе-жегі үшін алатын сыйақысы алдыңғы айқасқа қарағанда екі есе көп болмақ. Естеріңізге сала кетейік, бірінші жекпе-жекте Бивол мен Бетербиев әрқайсысы 10 миллион доллардан (PPV ақыларын есептемегенде) табыс тапқан еді. Осылайша, реванш үшін олар 20 миллион доллар (шамамен 10,1 миллиард теңге) көлемінде кепілдендірілген гонорар алмақ.