Қазақстан құрамасының ең тәжірибелі боксшысы әлем чемпионатында жеңіліп қалды

13.03.2025, 22:03

Ол – 2016 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері

Қазақстан құрамасының ең тәжірибелі боксшысы әлем чемпионатында жеңіліп қалды
Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионатында өнер көрсетіп жатқан Жайна Шекербекова (54 кг) медальға қол созым жерде жеңіліс тапты.

Сербияның Шик қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігіне 35 жастағы Жайна фавориттердің бірі ретінде барған. Ол – 2016 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері және 2014 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері. Алайда, ширек финалда отандасымыз серб қызы Сара Чирковичтен жеңіліп қалды.

Жайна қарсыласынан шабуылда ширақ көрінгенмен, қосымша төрешілер шешімімен жергілікті боксшыны жеңімпаз деп таныды. Есеп — 3:4.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасының он боксшысы ширек финалға шыққаны белгілі болған. Тағы екі боксшы бірінші айналымда жеңілген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам