Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Промоутермен «жолы болмаған» Данияр Елеусіновке жаңа мүмкіндік туды

13.03.2025, 22:46

Ол 2021 жылы менеджерлерімен арасындағы даудың салдарынан үш жылдай рингке шыға алмай қалған еді

Промоутермен «жолы болмаған» Данияр Елеусіновке жаңа мүмкіндік туды
instagram.com/yeleussinovdaniyar/

Кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО) UFC президенті Дана Уайттың жаңа бокс промоушенімен ресми келісімшартқа отырды.

«Данияр Елеусінов – Дана Уайттың жаңа бокс лигасымен келісімшарт жасаған алғашқы қазақстандық боксшы», - деп хабарлады All Stars Boxing промоутерлік компаниясы. 

Жақында Дана Уайт Сауд Арабиясының промоутерлерімен бірігіп, жаңа бокс лигасының құрылғанын жариялаған болатын. Бұл жоба қазіргі төрт ірі бокс ұйымының жүйесінен ерекшеленеді. Онда әр салмақ бойынша тек бір ғана чемпион болады.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов IBO тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы. Ол осы наурыз айында Астанада өткен бокс кешінде кезекті жекпе-жегін өткізуі керек болған. Алайда, бұл жекпе-жек өтпей қалды.

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы мансабын 2018 жылы бастаған. 2021 жылы IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алғаннан кейін менеджерлерімен соттасып, бірнеше жыл рингке шыға алмай қалды. Қазір боксшының жасы 34-те.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам