Ангелина Лукас әлемдік рейтингте үздік үштікке енді

11.04.2025, 01:10

Ол соңғы екі жылда өте көп жекпе-жек өткізуімен көзге түсті

Ангелина Лукас әлемдік рейтингте үздік үштікке енді
instagram.com/angelina_lukas1997/

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (14-1, 7 КО) Boxrec.com сайтының рейтингінде жоғарылады.  

Бұған дейін спортшы қыз аса жеңіл салмақта 12-орында тұрған, бұл жолы ол үшінші орынға бір-ақ шықты. Өйткені, ол жыл басынан бері екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен болатын.

«Өте бақыттымын – бұл сезімді сөзбен жеткізу мүмкін емес! Әйелдер арасындағы кәсіпқой бокстың әлемдік рейтингінде 224-тен астам спортшының арасында үздік үштікке ендім. Иә, бүгінгі күнге дейін кәсіпқой бокста 85 раунд өткіздім. Енді мен ресми түрде әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін жекпе-жекке лайықпын», - деп жазды Лукас өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, Лукас кәсіпқой мансабында барлығы 15 жекпе-жек өткізіп, 14 жеңіске жеткен. Жеті жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаса, бір кездесуде жеңіліс тапты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам