2028 жылы Олимпиададағы бокс салмақтары бекітілді

11.04.2025, 14:06

Ерлердің бағдарламасынан жеңіл салмақ алынып тасталды

2028 жылы Олимпиададағы бокс салмақтары бекітілді
olympics.com

ХОК 2028 жылғы Олимпиадаға арналған бокстағы жаңа салмақ дәрежелерін бекітті.

Халықаралық Олимпиада комитеті Олимпиада ойындарындағы бокс салмақ дәрежелерінің құрылымын ресми түрде өзгертті. Бұл жаңашылдықтар 2028 жылдың 14-29 шілде аралығында Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадада күшіне енеді.

Олимпиада тарихында алғаш рет ерлер мен әйелдер саны тең болады — әрқайсысы 124 қатысушыдан. Бұл шешім – ХОК-тың Олимпиада ойындарында гендерлік теңдікке қол жеткізуге бағытталған әрекеттерінің бір бөлігі.

Әйелдерге арналған салмақ дәрежелері (124 боксшы):

51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 65 кг, 70 кг, 75 кг

Ерлерге арналған салмақ дәрежелері (124 боксшы):

55 кг, 60 кг, 65 кг, 70 кг, 80 кг, 90 кг, +90 кг

Осылайша, әйелдер бағдарламасы бес салмақтан жетіге дейін кеңейтілсе, ерлер бағдарламасы сегізден жетіге қысқартылды.

2024 жылғы Париж Олимпиадасында салмақ дәрежелері мынадай болған:

Әйелдер: 50 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 66 кг, 75 кг

Ерлер: 51 кг, 57 кг, 63,5 кг, 71 кг, 80 кг, 92 кг, +92 кг

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам