Реал камбэк жасай ма? Жаңа шығарылым! #Fonteam

Сұлтан Зауырбек Астанадағы бокс кешінен кейін IBF рейтингінде жоғарлады

11.04.2025, 15:53

Жақын уақытта ол чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін

Сұлтан Зауырбек Астанадағы бокс кешінен кейін IBF рейтингінде жоғарлады
instagram.com/armanmomynov

5 сәуір күні Астанада өткен бокс кешінен кейін Сұлтан Зауырбек IBF рейтингінде бесінші орыннан төртінші орынға көтерілді. 

Айта кетейік, екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Сұлтан Зауырбек (20-0, 13 KO) «Battle of the brave» бокс кешінде Оңтүстік Африка Республикасынан келген Азинга Фузилемен (18-3, 12 KO) жекпе-жек өткізген еді. Он раундқа созылған кездесуде отандасымыз төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Ал аталмыш рейтингтің көшін мексикалық Эдуардо Нуньес (27-1, 27 KO) бастаса, екінші орын әзірге бос тұр. Үздік үштікке жапониялық Масанори Рикииши (16-1, 11 KO) жайғасқан.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам